«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Рухы асқақ өрендер

Желтоқсанды ызғары бар, ызбары жоқ, аязы мен бораны көп ай дегенімізбен, ол – қазақ үшін аса қымбат мезгіл. Өйткені, осы айда 1917 жылы Алашорда өкіметі құрылса, 1986 жылы жанарында жалын, жүрегінде от маздаған қазақ жастары тоталитарлық режімнен қаймықпай қасқайып тұрып теңдік сұраған. Ал 1991 жылдың 1 желтоқсанында егемен еліміздің Тұңғыш Президентін бүкіл ел болып сайладық, 16 желтоқсанда еліміз Тәуелсіз Қазақстан атанды. Бүгінде осындай тарихи сәттердің тағылымы мен маңыздылығын мұғалімдер қауымы, әсіресе, тарихшылар оқушыларға түсіндіруді басты міндеттеріне айналдырған.

“Ұлы Дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі” атты жұлдызды 25 күн акциясы аясында Қызылжар ауданындағы Бәйтерек орта мектебінде жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелейтін іс-шаралар жоспары құрылды. Бұл жоспар бойынша 50-ден астам шараны өткізбек ойымыз бар. Жаңадан бой көтерген бұл білім ордасында мерейтойлық жоспарды жүзеге асыруға мектеп ұжымы мен оқушылардың бәрі де атсалысуда. Мәселен, оқушыларымыз “Конституция – еліміздің Негізгі Заңы” атты шарада викториналық сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытса, мұғалімдер “Еліміздің мемлекеттік рәміздері” конференциясында баяндамалар жасады. Бұл шараларды өткізудегі мақсатымыз – өскелең ұрпақты елін сүйетін азамат етіп тәрбиелеп, оларға тәуелсіздікті ата-бабамыздың тар жол, тайғақ кешулерінен кейін алғанымызды түсіндіру. Осындай көп болып қолға алған игі істердің оқушылардың патриоттық рухын көтеретініне сенімдімін.

Динара ЖАМАЛИЕВА,

Бәйтерек орта мектебі тарих

пәнінің мұғалімі.

Қызылжар ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp