«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САБАННАН ДАЙЫН ӨНІМ

Елімізге танымал “Радуга” кәсіпорнында жар­ты мыңға жуық өнім түрі шығарылады. Олардың арасында жүгері таяқшасы, тез дайындалатын кеспе секілді тамақ түрлеріне, күнделікті тұрмыста жиі қолданылатын пластик бұйымдарға, гигиена құралдарына сұраныс мол. Былтыр жануарлар майынан қатты сабын жасайтын цех іске қосылды. Жуырда антисептиктің алғашқы сынама үлгілері тұтынушыларға жөнелтілді.

Көпсалалы серіктестік басшылығы алдағы уақытта өндіріс аумағын кеңейтіп, сабаннан қағаз бен ыдыс-аяқ шығармақ. Экологиялық жағынан өте тиімді жоба қаржылық қолдау тауып, жүзеге асырудың алғашқы қадамдары қолға алынды. Бұл мақсат үшін облыс орталығынан иесіз қалған ғимарат сатып алынып, материалдық-техникалық жағынан жабдықталмақ. “Мұндай өміршең әдіс аспанасты елінде ғана қолданылады. Шикізаттан тапшылық көрмейміз. Аграрлық өңірдің егістік алқаптарында сабан жеткілікті, табиғи өнім болғандықтан, қоршаған ортаға, адам ағзасына ешқандай зияны жоқ. Шикізатты қалдықсыз өңдеп, дайын өнімге айналдыру технологиясын мамандарымыз игергеннен кейін дәретхана қағазы мен бір рет пайдаланылатын ыдыс-аяқ жасайтын желіні іске қосамыз”, – дейді өндіріс цехының жетекшісі Андрей Генне.
Экологиялық таза өнімге сұраныстың жоғары боларына серіктестік қызметкерлері сенімді.

Өмір ЕСҚАЛИ,
“Soltústik Qazaqstan”.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp