«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ — ЖЕМҚОРЛЫҚ

Бүгінгі оқушы – ертеңгі қызметкер. Сондықтан облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мамандары қара басын күйттейтін әрі қызметін асыра пайдаланатын азаматтардан қоғамның таза болуы үшін өңіріміздің жоғары сынып оқушыларына сынып сағаттарын өткізуде.

Алғашқы сабақтардың бірі Петропавл қаласындағы №2 орта мектептің шәкірттерінің қатысуымен өтті. Сабақты аталмыш департаменттің дайындаған жоспарына сәйкес ұстаздар беруде. Алдымен балаларға бейнероликтер көрсетіліп, жемқорлықтың зардабы жайлы мысалдар келтірілді. Оқушылар сыбайлас жемқорлық және пара туралы ойларын ортаға салды. “Сыбайлас жемқорлық – лауазымды тұлғаның өз пайдасы үшін қызметін асыра пайдалануы, мұқтаж адамнан көмек көрсетіп, ақша немесе қымбат сыйлық алуы”, – дейді 9-сыныптың шәкірті Татьяна Севостьянова. Оның пікірімен сыныптастарының бәрі де келісті.  

Осы тақырыптағы сынып сағаттары облыстың 534 мектебінде және колледждерде өтетін болады. Айта кететін жайт, Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес жемқорлықтың алдын алу үшін «Концептуалды тәрбиелеу негіздері» әдістемесі барлық мектептерге енгізілмек.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp