
Қызылжар өңіріндегі мешіттерде садақа қабылдайтын электронды терминалдарды кезең-кезеңімен орнату жалғасын тауып келеді. Заманауи құрылғылар алдымен облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде, кейін қалалық «Нұр» мешітінде іске қосылса, енді Тайынша, Ақжар, Шал ақын, Қызылжар, Уалиханов аудандық мешіттеріне де орнатылды.
Бұдан былай жұртшылық садақасын мешіттердегі арнайы жәшіктерге емес, терминалдар арқылы мешіттің есеп-шотына тікелей аудар алады. Бұл – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының тапсырмасы бойынша іске асырылып отырған жаңашылдық. Есеп-шотқа түскен қаражат қайырымдылық шаралары, мешіттің коммуналдық шығындары мен дін қызметкерлерінің еңбекақысына, ғылыми-танымдық жобаларына жұмсалады.
Мешіт қызметкерлері келушілерге орнатылған терминалдар туралы хабарлап, оларды пайдалану тәртібімен таныстыруда.