«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САЙЛАУ ТРАНЗИТТІК ПРОЦЕСКЕ НҮКТЕ ҚОЯДЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Ерлан Қариннің айуынша, кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы шешім барлық саяси процедураларды сақтай отырып қабылдануда.

«Қазақстандағы сайлау транзиттік процеске нүкте қояды. Демек, аталмыш маңызды мәселенің барлық қоғамдық-саяси аспектілері ескерілді. Сол себепті, сайлау өткізу — елдегі негізгі қоғамдық-саяси күштердің үйлескен ойы», — деді ол.

Ерлан Қарин сайлаудың арқасында күн тәртібіндегі сұрақтардың бәріне де нүкте қойылатынына баса назар аударды.

«Соңғы уақытта әртүрлі әңгімелер айтылып, халық көп сауалға жауап іздей бастады. «Бізді не күтіп тұр?», «Әрі қарай не болады?» деген сияқты… Міне, дәл бүгін жүргізіліп жатқан реформалардың қарқынын бәсеңдетпес үшін Президент осы сұрақтардың бәріне нүкте қоюды шешті. Осылайша, сайлау белгісіздік көңіл-күйін еңсеруге көмектеседі», — деді Ерлан Қарин.

 

 www.inform.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp