«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“САЙРА, ДОМБЫРА!” БАЙҚАУЫ

Облыс орталығындағы қазақ мектеп-гимназиясында “Сайра, домбыра!” облыстық дәстүрлі ән байқауы өтті.

Екі жылда бір ұйымдастырылатын байқауға биыл облыс орталығы мен аудандардан келген отызға жуық өнерлі өрен қатысты. Шығармашылық сайыс барысында талантты өрендер Сегіз сері, Ақан сері, Жаяу Мұса сияқты ән дүлдүлдерінің шығармаларын нақышына келтіріп орындады.

Нәтижесінде үлкен топ арасында бас жүлдені өнер колледжі – музыкалық-эстетикалық бейіндегі дарынды балалар мектеп-интернатының тәрбиеленушісі Мұрат Қажыкен жеңіп алды. Ал кіші топта бірінші орынды қазақ мектепгимназиясының оқушысы Төрегелді Хамит иеленді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp