Қарағанды қаласында жабық ғимараттардағы жазғы президенттік көпсайыстан республикалық кубок өтті. Бұл жарысқа еліміздің жеті облысынан 130 спортшы қатысып, пневматикалық винтовкадан ату, суда жүзу, спринт және ұзындыққа жүгіруден сайысты. Өңіріміздің намысын қорғаған жерлестеріміз сәтті өнер көрсетіп, жүлделі оралды.
Сайыстың қорытындысы бойынша спорт шебері Александр Горбачёв 18 және 20 жас аралығындағы қатысушылар арасында жеңімпаз атанды. Александр Кондрат бұл топта спорт шебері нормативін орындап, екінші орынға ие болды. Виталий Пенкин 40 және 49 жас аралығындағы спортшылар арасында чемпион атанды. Томирис Иманбаева 18 және 20 жас аралығындағы арулар арасында топ жарды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен және дипломдармен марапатталды.
Дулат ҚОЖАХМЕТОВ, “Soltústіk Qazaqstan”.