«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САЙ БОЛҒАН САН СОҚПАЙДЫ

Елді мекендерді, орман алқаптарын өрттен қорғаудың қаншалықты маңыздылығын дәлелдеудің қажеті жоқ. Үлкен моральдық, материалдық шығындарға ұрындыратын бұл кеселдің уақытында алдын алу үшін біздің ауданымыздың әкімдігі жыл сайын табиғи өрттерге жол бермеуді қарастырған қаулылар қабылдап, осы шешімдерге орай жергілікті атқару органдары, төтенше жағдайлар бөлімі, темір жол және автомобиль жолдарының ұйымдары, сондай-ақ, шаруашылық жүргізетін нысандар тиісті сақтық шараларын жүзеге асырып келеді.

Біздің төтенше жағдайлар бөліміміз жергілікті атқару орындарымен бірлесіп, далаларда және округтер аумағындағы орман алқаптарында өртке жол бермеу жұмыстарын атқарады. Бұл орайда табиғи өрттердің алдын алу, ол үшін ерікті өртке қарсы құрылымдардың іс-әрекетін үйлестіру, оқу-жаттығу жұмыстарын жоспарға сай атқаруды қолға алдық.

Бүгінгі таңда ауданның барлық округтерінде өртке қарсы жедел іс-қимыл топтары құрылған. Олардың шоғырлануына тиісті қызметтердің, ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылары жауапкершілік алып отыр.

Аудан округтерінде және шаруашылық нысандарында барлығы 18 ерікті өртке қарсы құрылым жасақталып, оларда 211 адам қамтылған. Бұлар 33 өрт сөндіру техникасымен және 3 көлікпен қамтамасыз етілген.

Өртке қарсы шаралар жоспарына сәйкес 2015 жылғы 13 мамырда аудан аумағында ауылдық округтердің және өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің қатысуымен оқу-жаттығулар өткізілді. Бұл шарада “Тимирязев элеваторы” ЖШС-і, “Солтүстік-Жанармай” ЖШС-нің Тимирязев аудандық филиалы, “Қыпшақпаев”, “Залевский” шаруа қожалықтары, “Алпаш” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны үлкен белсенділік танытты. Жалпы алғанда, өрт сөндірудің 6 техникасы, 16 ерікті жасақшысы тартылған оқу-жаттығу ойдағыдай өтті. Бұл шараға Тимирязев ауылдық округінің әкімі С. Байдалина оңтайлы да орайлы басшылық ете білді.

Сәбит ШАЯХМЕТОВ,

төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнің аға инженері, өртке қарсы қызмет майоры.

Тимирязев ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp