«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“САЛАВАТ ЮЛАЕВТАН” БАСЫМ ТҮСТІ

Елордалық “Барыс” хоккей клубы ҚХЛ-дің кезекті турында Ресейдің “Салават Юлаев” коман­дасын 5:3 есебімен жеңді. 

Бұл команда – осал қарсыластардың бірі емес. Бүгінге дейін екі команда мұз айдында 42 рет кездескен бола­тын. Отандастарымыз тек 15-інде жеңіске жетсе, қалғанын­да ресейлік клуб басым түскен. 

Соңғы үш кездесуде жеңіске жеткен елордалық хоккейшілер бұл жолғы ойынды да сәтті бастады. Біздің команда сапынан 4-ші минутта Дастин Бойд қақпаны дәл көздесе, 14-ші минутта есепті еселей түсті. Аркадий Шестаков екінші және үшінші кезеңде мергендігімен көзге түсті. Ал ойынның аяқталуына төрт минут қалғанда Атте Октамаа шайба соғып, командасын жеңіске жетеледі.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp