Елордалық “Барыс” хоккей клубы ҚХЛ-дің кезекті турында Ресейдің “Салават Юлаев” командасын 5:3 есебімен жеңді.
Бұл команда – осал қарсыластардың бірі емес. Бүгінге дейін екі команда мұз айдында 42 рет кездескен болатын. Отандастарымыз тек 15-інде жеңіске жетсе, қалғанында ресейлік клуб басым түскен.
Соңғы үш кездесуде жеңіске жеткен елордалық хоккейшілер бұл жолғы ойынды да сәтті бастады. Біздің команда сапынан 4-ші минутта Дастин Бойд қақпаны дәл көздесе, 14-ші минутта есепті еселей түсті. Аркадий Шестаков екінші және үшінші кезеңде мергендігімен көзге түсті. Ал ойынның аяқталуына төрт минут қалғанда Атте Октамаа шайба соғып, командасын жеңіске жетеледі.