Қазір саяжай маусымының қызған шағы. Осыған байланысты Петропавл қаласы ІІБ жол-патрульдік полиция батальонының кавалерия бөлімшесі өз жұмысын күшейтті.
Бүгінгі таңда Петропавл қаласы ІІБ жол-патрульдік полиция батальоны кавалерия бөлімшесінің құрамында 16 қызметтік ат бар. Погон таққан салт аттылардың басты мақсаты – қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу. Осы орайда Петропавл қаласы ІІБ жол-патрульдік полиция батальоны кавалерия взводының қызметкерлері жыл басынан бері 35 әкімшілік хаттама толтырып, 7 қылмысты ашуға өз үлестерін қосты. Негізінен, ІІБ кавалериялық бөлімше қызметкерлері мүліктік, яғни бау-бақша өнімдерін, шаруашылық құралдарын, металл ұрлау сияқты қылмыстарды әшкерелейді. Петропавл қаласы маңындағы саяжайларды патрульдеу қала тұрғындары өздері өсірген өнімдерін жинағанға дейін жалғасатын болады.
Юрий КЛЫКОВ,
облыстық ішкі істер департаменті
баспасөз қызметінің инспекторы.