«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САЛЫМШЫЛАР САНЫ АРТТЫ

 

Бүгінгі таңда облысымызда тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жуырда біздің филиал құрылыс компаниялармен 10 млрд. теңгенің келісім-шартын жасады. Алдағы жылдары Петропавл қаласында біздің банк желісі бойынша 60 мың шаршы метрді құрайтын 33 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілетін болады. 

Бүгінгі таңда “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ-ы облыстық филиалының депозиттік портфелі 22 млрд. теңгеден асты. 45 мыңнан астам солтүстікқазақстандық банктің құрылыс жинақ жүйесіне қатысуда. Тек өткен жылы 10 мыңнан астам жерлесіміз банкте есепшот ашты. Сондай-ақ, былтыр 1162 салымшы баспаналы болып, қоныстойын тойлады. Атап айтқанда, 893 пәтер екінші нарықтан сатып алынса, 245 пәтер “Нұрлы жер”, ал 123 пәтер “Әскери баспана” бағдарламасы бойынша саудаланды. Қалған 150 пәтер “Бақытты отбасы” бағдарламасымен берілді. 

2020 жылға жоспарланған нысандар “Жас өркен” (96, 96, 192 пәтерлік) және “Береке” (75 пәтерлік), шағынаудандарында, Завод (80 пәтерлік), Уәлиханов (126 пәтерлік) көшелерінде бой көтереді. Құрылыс жұмыс-тарын “Акцент”, “Голден Хаус”, “Альфа-Север” және тағы басқа компаниялар жүргізеді. “Нұрлы жер” мемлекеттік бағ-дарламасы аясында салынатын баспаналар салымшыларға 5 пайыздық үстемемен беріледі. Несие 25 жылға дейін рәсімделеді. Пайдалануға берілетін баспананың бір шаршы метрі 140 мың теңгені құрайды.
“Нұрлы жер” бағдарламасы аясында пайдалануға берілетін пәтерлер кезекте тұрғандар мен банк салымшылары арасында тең бөлінеді. Бұл баспаналарға еліміздің әрбір азаматы қол жеткізе алады. Менші-гінде тұрғын үйі болмағаны жөн, сондай-ақ, есепшотында бастапқы жарнаның 20 пайызы болуы шарт. Салымшылар “Нұрлы жер несиелік тұрғын үй ЖАО” жеңілдікті бағдарламасы бойынша тек жаңа тұрғын үй сатып ала алады. Ал “Бақытты отбасы” және “Әскери баспана” бағдарламаларына мұндай талап қойылмайды. 
2020 жылдың бірінші тоқсанында банк “Бақытты отбасы” бағдарламасына қатысушылардың өтінімдерін қабылдауды бастайды. Былтыр бағдарлама аясында 1335 млн. теңгенің 150 қарызы берілген болатын. Оған негізінен аз қамтылған, толық емес және көпбалалы және мүгедек балалары бар отбасылар қатысады. Салымшылар бастапқы жарна ретінде жергілікті атқарушы органдардың сертификатын пайдалана алады.
2019-2025 жылдарға арналған “Әскери баспана” бағдарламасы жыл сайын төрт мыңға жуық әскери салада еңбек етіп жүрген тұрғындарға баспаналы болуға мүмкіндік береді. Үміткерлердің банктік депозитінде тұрғын үй құнының 15 пайыздық қаражаты болуы керек. Несие жылдық мөлшерлемесі 8 пайызбен беріледі. Бұған қоса жөндеу жұмыстарына да қосымша қаражат алуға болады.
Барлық іске асырылатын нысандар туралы www.baspana.kz сайты арқылы білуге және өтінім беруге болады.

Әмір НҰРМҰҚАНОВ, 
“Қазақстан тұрғын үй
құрылыс жинақ банкі”
АҚ-ы облыстық филиалының
бөлім басшысы.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp