2019 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке табыс салығын есептеу механизмі өзгерді.
Өткен жылдың соңында «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес қызметкердің салық салынатын табысының 90% оның кірісінен алынып тасталады, яғни салық салынатын табыстың көлемі азаяды. Қалған еңбекақы 10% ставка бойынша жеке табыс салығына тиесілі болады. Сондықтан салық жүктемесі 10 есе азаяды, яғни,қызметкердің алатын жалақысының мөлшері өседі. Бұл ретте қызметкердің табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін айлық есептік көрсеткіштің 25 есесіндегі мөлшерінен аспауы керек.
https://www.inform.kz/kz/kantardan-bastap-zheke-tabys-salygyn-esepteu-ozgerdi_a3485984