
Салық органдарына келу уақыты мен күнін онлайн брондау енді браузерде ғана емес, сонымен қатар “e-Salyq mobile” мобильді қосымшасында қолжетімді. Бұл қосымшаны смартфонға (Google play және App Store-да қол жетімді) жүктеп алып, өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта сапарды жоспарлауға болады.
“Сонымен қатар, қызметті алғаннан кейін Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтында жүргізілетін сауалнамаға қатысыңыз (сілтеме: http://kgd.gov.kz/kk/content/memlekettik-kyzmetterdi-alu-kezinde-salyk-toleushilerge-kyzmet-korsetudin-sapasy-men). Мақсат – қызметтегі кемшіліктерді анықтау және ұсынылатын қызметтің сапасын арттыру. Шетте қалмаңыз, сауалнамаға қатысыңыз, ел дамуына өз үніңізді жеткізіңіз”, делінген хабарламада.
https://egemen.kz