«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САЛҒЫРТТЫҚТАН САҚТАНДЫРДЫ

“Облыстық саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығы” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жанындағы “Өзіңді қорға!” жастар денсаулығы ұйымының мамандары семинар-тренинг өткізді. Өңір өрендерінің басы қосылған шара “Жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу” тақырыбында өрбіді.

“Бүгінде жыныстық жолмен жұғатын жұқпалы ауруларға жастар жиі ұшырайды. Бұл алдын ала сақтық құралдарын пайдаланбаудан, жас буын өкілдерінің өз денсаулықтарына немқұрайды, салғырт қарауынан орын алып отыр”, – деген облыстық тері-венерологиялық диспансердің дәрігерлері кеселдің алдын алу немесе болдырмаудың жолдарын айтты.  

Жиында сөз болған мәселелердің көбі интерактивті тақта арқылы көрсетіліп, қатысушылардың пікірлері де талқыланды.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp