Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің өсіп-өркендеуіне зор үлес қосқан бір топ азаматтарды марапаттады.
Еліміздіің ең басты мерекесі – Тәуелсіздік күні қарсаңында жоғары мемлекеттік наградаға ие болғандардың арасында жерлесіміз, киноактриса Самал Еслямова да бар. Ол «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” атағына ие болды. Самал биыл Канн кинофестивалінде «Ең үздік әйел рөлі» аталымы бойынша жеңіске жеткен болатын, сонымен қатар ол басты рөлді сомдаған «Айка» фильмі басқа да кинофестивальдарда жүлдегер атанды.
https://www.inform.kz/kz/samal-eslyamova-kazakstannyn-enbek-sinirgen-kayratkeri-atandy_a3477868