«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САМАЛДЫҢ КЕЗЕКТІ ЖЕҢІСІ

Өнерімен әлемге танылған жерлесіміз Самал Есләмова басты рөлді сомдаған “Айка” фильмі Германияның Котбус қаласында өткен 28-ші халықаралық кинофестивальда гран-приге ие болды.

Фестивальге 40 елден 190 фильм ұсынылған болатын. Озық туындылар сарапқа салынған өнер сайысында “Айка” гран-примен қоса қазылардың арнайы жүлдесін де қанжығаға байлағаны туралы қуанышты хабарды отандық БАҚ жарыса жазуда.

Режиссёр Сергей Дворцевойдың кинотуындысы Германиядағы жұртшылықтың жоғары бағасын алды. Көрсетілімнен кейін көрермендер қазақстандық актрисаның рөлді шебер сомдауының арқасында кино сәтті шыққанын жеткізді.

– Мен мұндай фестивальдарға бірінші жыл қатысып отырған жоқпын. Еңбегіңнің бағаланғаны қуантады. Фильмнің басты рөліне Самал лайықты екенін түсіндім. Ол қырғыз болмаса да, тілді үйреніп алды. Самал үлкен талант иесі, сондықтан оған менің ешқандай күмәнім болмады, – деді режиссёр.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА, “Soltústіk Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp