www.akorda.kz сайтында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру туралы өкімі жарияланды.
Осы өкімге сәйкес әдебиет және өнер саласының бір топ қайраткерлері мемлекеттік стипендияға ие болды. Олардың арасында 71-ші Канн кинофестивалінің «Үздік әйел рөлі» аталымында жеңімпаз атанған жерлесіміз, актриса Самал Есләмова да бар. Осыдан бірер күн бұрын Самал басты рөлін сомдаған «Айка» фильмі Германияда өткен 28-ші халықаралық кинофестивальда бас жүлдені иемденген болатын.