Облыста жылыту маусымы басталғаннан бері тұрғын үйлердегі пластик құбырлардың зақымдануы бірнеше рет тіркелген. «Петропавл жылу желілері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мамандарының айтуынша, мұндай құбырлардың сапасы төмен және суыққа төзбейді. Жыл басынан бері бес көпқабатты үйде жылу тарату желілерінде қолданылған осындай құбырлар жарылған. Мекеме қызметкерлері апатты болдырмау үшін тұрғындарға үй ішіне құбыр орнату кезінде оның гидравликалық мүмкіндігі ескеріліп, мамандармен келісіліп орнатылуы қажет екенін ескертеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp
Соңғы жаңалықтар
- 09.05.2025
- 3 қаралым
- 09.05.2025
- 2 қаралым
- 09.05.2025
- 5 қаралым
- 09.05.2025
- 3 қаралым
- 09.05.2025
- 16 қаралым