«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САРАПШЫЛАРДЫҢ ОҢ БАҒАСЫ

Облысымызға жұмыс сапарымен келген “Doing business” жобасының өкілдері “Protecting business and Investments” жобалық кеңсенің жұмысымен танысты.

Бүгінгі таңда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті құны 50 млрд. теңге болатын бес инвестициялық жобаны қамқорлығына алған. Департаменттің бас маманы Амангелді Сатанов шетелдік сарапшыларға өңірлік инвесторлармен жасалатын келісім-шарттардың талаптары және олардың құқықтарын қорғау бойынша жүргізілетін негізгі жұмыс жайында баяндап берді. Ол агенттік инвесторларды Қазақстан аумағындағы кез келген сыбайлас жемқорлық көріністерінен толық қорғайтынына кепілдік беретінін айтты. Яғни, кәсіпкерлер мүддесі жұмыс барысында ғана емес, күнделікті өмірде де қорғалады.

“Doing business” жобасын іске асыратын Дүниежүзілік банк сарапшылары бастаманы оң бағалап, оның еліміздің инвестициялық жағдайына, сонымен бірге елдің ахуалына игі әсерін тигізетініне сенім білдірді.

Индира БӘЖЕНОВА,

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp