«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сарбаздар анты

“Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі” республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Петропавлдағы филиалы қабырғасында әскери ант қабылдау рәсімі өтті. Қасиетті міндеттерін мүлтіксіз орындаған 60 солтүстікқазақстандық жасқа мектеп басшылығы әскери билеттер табыстады. Бұдан соң сайдың тасындай іріктелген сарбаздар әскери әндер орындап, жиналғандарға саптық жүрісті тыңғылықты меңгергендіктерін көрсетті.

– Оқыту бағдарламасының ауқымы кең болды. Курсанттар 40 күннің ішінде 280 сағат оқыды. Осы уақытта олар әскери қызметтің негіздерін үйренді. Атап айтқанда, жастар Қазақстан Республикасының заңдарын біліп, жалпы әскери жарлықтармен танысып, қару қолданудың қыр-сырын үйреніп, әскери барлау және картамен жұмыс істеуді меңгерді. Сондай-ақ, ұстаздар оларға минадан қандай амалмен қорғануды, радиациямен зақымданғанда не істеу керектігін, бірінші әскери-медициналық көмекті қалай көрсетуді үйретті, – деді “Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі” республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Петропавлдағы филиалы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Юрий Глумов.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp