
Үш күннің ішінде шетелде есепте тұрған автокөліктердің 50-ден астам иесі уақытша тіркеуге қою жөнінде кеңес алу үшін өңір полицейлеріне жүгінді. Олардың дені – ресейлік автокөліктердің иелері. Облыстық полиция департаменті процессингтік орталығы бастығының міндетін атқарушы, полиция капитаны Алтынбек Жамалиевтің айтуынша, 1 ақпаннан бастап шетелде есепте тұрған автокөліктерді уақытша тіркеу басталды. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында көлік иелерін толғандырған сұрақтарға жауап беру үшін уәкілетті органдардың қызметкерлері кезекшілік етуде. Сонымен қатар, 8-776-297-84-32 телефоны бойынша «қауырт желі» жұмыс істейді. Осы күнге дейін бұл нөмірге 20 солтүстікқазақстандық хабарласты.
Машинаны уақытша тіркеуге қою үшін көлік құралын сатып алғанын растайтын, жеке басты куәландыратын құжаттар, алғашқы тіркеуге төлем жасалғаны туралы түбіртек болуы қажет. Уақытша тіркелген көліктерге 2021 жылдың 1 наурызына дейін сары түсті нөмірлік белгі беріледі.