«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САУАТТЫЛЫҚ ТАЛАП ЕТІЛЕДІ

1983 жылдың 15 наурызынан бері бүкіл әлемде Дүниежүзілік тұтынушылар құқығын қорғау күні атап өтіледі. Біздің елімізде “Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы” заң 1991 жылдың 5 маусымында қабылданған болатын. Қазіргі уақытта “Тұтынушылар құқығын қорғау туралы” Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы №274-IV Заңы қолданысқа енгізілген.

Алайда, 2013 жылы 13 қарашада құрылған Қазақстан Республикасы Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігінің 2014 жылғы тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің тұтынушылар құқығын қорғау комитеті болып қайта құрылуына байланысты заң жобасы бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде.

Жыл сайын Тұтынушылар құқығын қорғау күнін мерекелеу Біріккен Ұлттар Ұйымының аясында өткізіледі. 2015 жылы Халықаралық тұтынушылар ұйымы федерациясы тұтынушылардың денсаулыққа пайдалы тағамға құқықтарына назар аударуда.

Бұл күн республика бойынша атап өтіледі. Осы жылғы ақпан-наурыз айларының жоспары бойынша облыстағы мектеп оқушылары үшін семинарлар, интерактивті сабақтар ұйымдастыру мен өткізу, буклеттер, кітапшалар, журналдар және оқулық-әдістемелік құралдарды тарату бойынша акциялар, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлескен консультациялық орталық жұмысы аясындағы “Ашық есік күндерін” өткізу жоспарланған. Осы шараларда қандай да болсын тілек білдірушілер ай сайын әрбір екінші дүйсенбі және соңғы бейсенбі күндері мамандардың білікті көмегін ала алады, сол сияқты басқа да шаралар өткізу көзделген.

Облыстың ішкі сауда нысандарында “Тұтынушылар мүйістерін” ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізілуде, департаментте 8 (7152) 52-14-36 “қауырт желі” телефоны жұмыс істейді, уәкілетті органға, сол сияқты тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне өтініштер қабылдау үшін жәшіктер қойылған.

Десе де, қандай да жұмыс жүргізілсе де, тұтынушының өзі саналылық білдіріп, өзінің тұтынушылық сауаттылығын жоғарылатуы, заттаңбаларды оқуы, таңбаларды зерделеуі, жарамдылық мерзіміне көңіл бөлуі керек. Сондай жағдайда ғана ең сапалы және табиғи өнім таңдап алуға болады. Өз құқығының бұзылуы байқалған жағдайда қорқуға және тайсақтауға болмайды, қайта оны сот тәртібінде болса да батыл қорғау қажет.

Денис ПАНЧЕНКО,

облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментiнің

 бөлім басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp