Он күнге созылған жедел-алдын алу шарасы барысында өңірдің тәртіп сақшылары 328 жалдамалы пәтерді тексерді.
Полиция қызметкерлері ішкі істер органдарында тіркеуде тұрған және қамаудан босатылған азаматтарды, алкогольдік ішімдік пен нашақорлыққа әуестерді, жат деструктивті діни ағымды жақтаушыларды назарға алды.
Тәртіп сақшыларының күшейтілген жұмыс жасауының нәтижесінде 105 қылмыстық іс ашылды, соның 39-ы – бұрын жасалған, 1850 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Солтүстікқазақстандықтар абаттандыру ережелерін де жиі бұзатын көрінеді. Осыған қатысты 463 жағдай тіркелді. Көлік басқару кезінде жіберілген құқық бұзушылықтар да аз емес. Бұл ретте анықталған заң бұзушылықтардың 248-і – рөлде отырып ұялы телефонмен сөйлесуге, 189-ы – жылдамдықты асыруға, 409-ы қауіпсіздік белбеуін тақпауға қатысты фактілер болды. Сонымен қатар мас күйде көлік жүргізуге қатысты 24 жағдай тіркелді.
Мәдина БАЛҒАШОҚОВА,
облыстық ішкі істер департаменті
баспасөз қызметінің жетекшісі.