«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сауда сөрелерінде жергілікті өнім неге аз?

Облыстық кәсіпкерлер палатасының аймақтың кеңесі өткізген отырыста жергілікті тауар жеткізушілер шешілмей жүрген мәселелерін көтерді. Олардың басым бөлігі “Magnum” сауда желісінің жұмыс істемеуіне қатысты болды.

– “Magnum” дүкендеріндегі сөре­лерде негізінен импорт тауарларды кездестіруге болады. Сауда желісінде отандық өнім көлемі аз. Сондықтан жергілікті кәсіпкерлердің көтерген сұ­рағы орынды екенін атап өткен жөн, – деді облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жеңіс Қазиев.

Отырысқа қатысқан “Казмясопро­дукт” жауапкершілігі шектеулі серік­тестігі директорының орынбасары Татья­на Куликова өздері шығаратын ет өнімдері “Magnum” сауда желісінде аз кө­лем­де саудаланатынына назар аударды.

– Бұрындары бұл дүкендерде өнім­деріміздің 50 түрі саудаланатын. Қа­зіргі уақытта көп дегенде 17 түрі ғана сөрелерге қойылады. “Magnum” сау­да желісінің өкілдері жергілікті тауар өндірушілерді қолдауға құлықсыз. Не себептен екені біз үшін белгісіз болып отыр, – деді Татьяна Куликова.

“Magnum” сауда желісінің аймақ­тық директоры Семен Тишковец бұл мә­селе жөнінде түсініктеме берді. Оның ай­туынша, қазіргі күні компания қағаз­бастылықтан арылу үшін құжат­тама жүргізу ісін электрондық формат­қа кө­шіруде. Осы жұмысты тиянақтап ал­ған соң, жергілікті тауар өн­дірушілер­дің өнім түрлерін көбейтуді қолға ала­тынын айтты. Ол жиын ба­рысында ғана солтүстікқазақстандық шұжық­тар­дың сапасы белоруссия­лық және ресейлік баламасынан қан­шалықты жоғары екенін сұрап білді.

– Көрші елдердің шұжықтары сиыр етінен емес, тауық етінен жасалады. Сондықтан олардың бір килограмы­ның баға­сы 1200 теңге, ал біздің өнім сиыр еті­нен болған соң 1800-2200 тең­геге сау­да­ланады. Біздің өнім сапасы жа­ғы­нан жоғары екені даусыз, – деді “Каз­мяс­опродукт” ЖШС-ның өкілі.

Семен Тишковецтің айтуынша, “Magnum” дүкендері отандық өнім­дерді қолдайтынын жеткізді. Сондық­тан жақын арада бұл мәселе шешіліп, жергілікті тауар өндірушілердің өнім­дері сөрелерге көптеп қойылатыны жөнінде уәде берді.

Сағынгүл ІРГЕБАЕВА,

облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp