И.Шухов атындағы кітапхана Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының 20 жылдығына арналған шара ұйымдастырды.
Кітапхана қызметкерлері мәдениет ошағының мерейтойына орай бірнеше кеш өткізуді жоспарлап отыр. Соның алғашқысына театр әртістері қатысты. Кешке арнайы шақырылған еңбек ардагерлері, Ж.Тәшенов атындағы №20, Қожаберген жырау атындағы №6 мектептердің және Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернаттың оқушылары қатысып, өнер туралы өз ойларын ортаға салып, бүгінгі көрермен таңдауы, театр мәселесі жайында сөз қозғады. Театр әртістерімен ой бөлісуге келген оқырмандарды өнер ордасының бүгінгі жетістіктері, әртістер өмірі мен алдағы жоспарлары да қызықтырды. Сахнагерлер жастардың сұрақтарына жауап беріп, қойылымдардан үзінді көрсетті, өлеңдер оқып, ән шырқады.