С. Мұқанов атындағы ғылыми-әмбебап кітапханада “Қазақ театры. Кеше және бүгін” атты мерекелік шара өтті.
Шарада қазақ сазды-драма театрының өткен маусымда қоржынға қосылған жаңа заманға сай премьералары мен жетістіктеріне шолу жасалды. Шығармашылық ұжымның қатарын толықтырған жас актерлер таныстырылып, үздік сахнагерлер марапатталды. Айтулы шарада сөз алған театр директоры Біржан Жалғасбаев шығармашылық ұжымның толағай табысын тілге тиек етіп, тынымсыз еңбекпен табысқа жеткен сахнагерлерге ризашылығын білдірді. Күмбірлеп күй ойнап, әсем ән шалқыған әдемі кештің куәсі болған көрермен театр труппасының жаңа маусымына шығармашылық табыс тіледі.