Қалалық ардагерлердің халық хоры Есіл ауданының Покровка ауылындағы ауыл шаруашылығы колледжінде қайырымдылық концерт беріп қайтты. Оны жергілікті ардагерлер мен оқу орнының оқушылары тамашалады.
 Облыс көлеміне әйгілі ұжымның концерті “Люблю тебя, мой край родной” хорымен басталып, “В лесу прифронтовом”, “Фронтовой вальс” әндерімен жалғасты. Галина Легких пен Николай Курков қосыла орындаған әйгілі “Смуглянка” әні тыңдаушыларды бір серпілтіп тастады. Алдаберген Тілеубергенов нақышына келтіре шырқаған қазақтың халық әндері көпшіліктің көңілінен шықты. Иван Мищенко мен Валентина Шандыбинаның орындауындағы “Было у тещеньки семеро зятьев” күлдіргі әні көрермендерді күлкіге кенелтіп, залға жан бітіргендей болды. Светлана Кисличенко мен Андрей Харбинский “Ой под вишнею, под черешнею” әнімен көптің көңілін жаулап алды.
 Бұл күні сахна төрінде 18 ән шырқалды. Олардың бәрін де покровкалықтар жылы қабылдап, ән сайын қошемет көрсетіп отырды.
 Бұған дейін облыс орталығындағы №8, №9 мектептерде, “БЭСТ” гимназиясында, Достық үйінде  өнер көрсеткен ардагерлер хоры ән сапарын әрі қарай жалғастыруды жоспарлап отыр.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
															
																Share on facebook
							
																						
					
																			
										Facebook									
																	
													
															
																Share on telegram
							
																						
					
																			
										Telegram									
																	
													
															
																Share on whatsapp
							
																						
					
																			
										WhatsApp									
																	
													Соңғы жаңалықтар
- 31.10.2025
 - 7 қаралым
 
- 31.10.2025
 - 0 қаралым
 
- 31.10.2025
 - 4 қаралым
 
- 24.10.2025
 - 10 қаралым
 
- 24.10.2025
 - 2 қаралым