«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САХНА САҢЛАҒЫ

Биыл бар ғұмырын ұлтымыздың төл мәдениеті­нің, классикалық музыка өнерінің дамуына арнаған атақты әнші, Социалистік Еңбек Ері, марқұм Ермек Серкебаевтың туғанына 95 жыл толады. Жерлесіміздің мерейтойына орай Ақан сері атындағы облыстық филармонияның ұжымы “Төбемде көк аспан” атты концерт ұйымдастырды.

Биыл қазақстандық композиторлар Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің 115 жылдық мерейтойлары екенін де айта кеткен жөн. Концертте Ермек Бекмұхамедұлының ғана емес, жоғарыда есімдері аталған біртуар дарындардың шығармалары да орындалды.

Ермек Серкебаевтың репертуарынан “Абайдың ариясы” сияқты танымал шығармасы шырқалды. Айтулы шараға арнайы шақырылған “Астана Опера” театрының солисі, халықаралық байқаулардың лауреаты Әсем Сембина Латиф Хамидидің “Бұл-бұл” әнін нақышына келтіре орындады. Сондай-ақ Бақыт Ілиясов, Марат Зікіриянов, Любовь Зорина, Асхат Таушевтің орындауындағы тамаша туындылар көрерменнің көңілінен шықты.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp