«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САЯЖАЙШЫЛАРҒА ЕСКЕРТІЛДІ

Облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының мәжіліс залында “2015 жылғы су тасқыны кезінде өрт қауіпсіздігі мен тәртіп ережелерін сақтау” тақырыбында “дөңгелек үстел” өтті. Бұл шара Петропавл қаласы мен облыс аумағындағы саяжай учаскелері иелеріне алдағы су тасқыны жайында ақпарат беруді мақсат етті.

Петропавл қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың бастығы, өртке қарсы қызмет подполковнигі Азамат Орынбаев саяжай серіктестіктерінің өкілдері қойған сауалдарға жауап беріп, төтенше оқиғалар ауыр жағдайларға ұшыратпас үшін барлық жедел қызметтердің әрбір адам білуге тиісті деректерін тағы да айтып берді.  

2014 жылғы көктемгі-жазғы су тасқыны кезіндегі өрт пен төтенше жағдайлар статистикасы, үстіміздегі жылдың болжамы, саяжайдың жолдарын қоқыстардан, артық құрылыстардан тазарту және жер телімдерін заңсыз кеңейтпеу, олардың өрт сөндіру машиналарының от ошағына өтулеріне кедергі жасайтындығы жайлы басқарманың бас маманы, өртке қарсы қызмет майоры Дмитрий Растихин баяндады.

“Дөңгелек үстел” барысында облыстық ТЖД суда құтқару қызметінің бастығы Виктор Держанский су тасқыны кезінде жүзу құралдарын пайдалану ережелері, өткелдерді ұйымдастыру, су басқан жолдармен жүру, мұз астына түсіп кеткен адамдарға көмек көрсету сияқты өткізілуге тиіс шараларды тілге тиек етті.

Петропавл қалалық ІІБ әкімшілік полициясы бөлімінің бастығы, полиция капитаны Самат Сәркенов саяжай үйлері аумағында бағалы мүліктерді қалдырмау жағын ескертті. Оның айтуына қарағанда, өткен жылғы саяжай маусымында 70 ұрлық тіркелген, оның ішінде ақша ұрлау мен тонау оқиғалары да бар.

Отырыс барысында серіктестік аумағында тұрақты тұратын азаматтардың жаңартылған тізімін жасау туралы шешім қабылданды.

Жыл сайын бұл учаскелерге рейдтер ұйымдастырылады, су тасқыны кезінде үйлеріне су кірген адамдарды уақытша орналастыру қосындарына көшуге жағдай жасауды қамтамасыз ету және қайғылы жағдайлардың алдын алу шаралары қарастырылады. Көктемде онда дәрігерлер, құтқару қызметі мен полиция тәулік бойы кезекшілік атқаратын болады.

Елена ФИЛИППОВА,

А.Герцен атындағы

Ресей МПУ студенті,

 СҚО ТЖД-нің практиканты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp