«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Саясат

ЖАҢАШЫЛДЫҚҚА ҰМТЫЛЫС – ЖЕТІСТІКТІҢ БАСТАУЫ

Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауында алдымызға  біртіндеп  жаңа экономикалық үлгіге өту міндетін қойды. Басты мақсат – шын мәнінде  халықтың тұрмыс сапасын жақсарта отырып, әділдік, инклюзивтік және үнемшілдікті басты бағдарға айналдыру. Осындай  аса маңызды  шақта  зор экономикалық серпіліс жасауға  еліміздің толық мүмкіндігі бар. Президент атап өткендей, Қазақстанның экономикалық дамуының жаңа парадигмасы еліміздің  бәсекелік  артықшылықтарын …

ЖАҢАШЫЛДЫҚҚА ҰМТЫЛЫС – ЖЕТІСТІКТІҢ БАСТАУЫ Read More »

Хорватия елшісімен кездесті

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Хорватияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті  елшісі Рефик Шабановичпен кездесіп, өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды.   Жыл басында өткен экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Хорватия үкіметаралық комиссиясының бірінші отырысында  энергетика, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, көлік, ақпараттық технологиялар, туризм және денсаулық сақтау салалары бойынша тығыз байланыс орнатуға уағдаласқан болатын. Осылайша екі ел арасындағы әріптестік байланыс  жаңа …

Хорватия елшісімен кездесті Read More »

Ерембек ӘУБӘКІРОВ: “Қызметте халыққа адал болдым”

 – Ерембек Жәмшитұлы,  сіз облыстық мәслихаттың ең алғашқы хатшысы болғандықтан мойныңызға жаңадан құрылған өкілетті органды қалыптастыру жүгі артылды. Оның  үстіне тоқсаныншы жылдардың орта кезі елдегі жағдай қиын еді. Мәслихаттың жұмысын жүйелеу оңайға түспегені анық. Сол кезеңге шолу жасасақ. – 1994 жылдың наурызында елімізде алғашқы мәслихат сайлауы өтіп, бірінші шақырылымдағы мәслихаттың депутаттар корпусы жасақталды. Облыстық мәслихаттың …

Ерембек ӘУБӘКІРОВ: “Қызметте халыққа адал болдым” Read More »

Қуатты армия – тыныштық кепілі

Ұлттық ұлан академиясының ұйымдастыруымен С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында “Қазақстанның әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери білім беруді дамыту” тақырыбы бойынша алтыншы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Алқалы басқосу Ресей, Бе­ларусь, Өзбекстан, Тәжікстан мем­­лекеттері өкілдерінің, Қа­зақ­­станның жоғары оқу орын­да­ры профессорлық-оқытушылық құрамының, ғалымдар­дың, әс­кери құрылым офицер­ле­рінің, таяу шетел докторант­та­рының, ас­пиранттар мен ма­гистрант­тар­дың қатысуымен өтті. Қазіргі кезеңде тактиканы …

Қуатты армия – тыныштық кепілі Read More »

“ШЕКАРАДАҒЫ АУЫЛДАРҒА АЙРЫҚША НАЗАР САЛУ ҚАЖЕТ”

Орынбасар Ысқақова – облыстық мәслихаттың №6 сайлау округі бойынша депутаты (Ақжар және Уәлиханов аудандары), бюджет, қаржы, экономика салаларын дамыту және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі, “Искакова” ЖК директоры. НЕ ҮШІН ДЕПУТАТ БОЛДЫМ? Алғаш рет 2021 жылы маған жетінші шақырылымдағы об­лыс­тық мәслихатқа депутат­тық­қа кан­дидат ретінде сайлауға қа­ты­су туралы ұсыныс түскенде бастапқыда қарсы болған …

“ШЕКАРАДАҒЫ АУЫЛДАРҒА АЙРЫҚША НАЗАР САЛУ ҚАЖЕТ” Read More »

ҚЫЛМЫСТЫҢ САЛДАРЫМЕН ЕМЕС, СЕБЕБІМЕН КҮРЕСУДЕМІЗ

Қоғамдық тәртіпті сақтап, ел тыныштығын күзетуде тәртіп сақшыларының алар орны зор. Жуырда елордада өткен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген отырысыда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: “Тәртіп сақшыларының қызметі оңай емес. Бұл белгілі. Күні-түні жұмыс істейтін кездер жиі болады. Қауіп-қатер де бар. Тәулік бойы, яғни, 24 сағат бойы сақадай сай болу үшін ерекше қажыр-қайрат пен төзімділік қажет. Себебі …

ҚЫЛМЫСТЫҢ САЛДАРЫМЕН ЕМЕС, СЕБЕБІМЕН КҮРЕСУДЕМІЗ Read More »

ЖАСТАРҒА ЖАҢА МҮМКІНДІК

Елімізде өңірлік кадр ре­зервте­ріне іріктеу басталды. Өңірлік кадр резервінің басты мақсаты – талантты жастар арасынан жаңаша ой­лайтын көшбасшылар, жас бас­қарушылардың тобын қалып­тас­тыру. Іріктеуге жоғары білімі және кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар 35 жастан аспаған Қазақ­стан азаматтары қатыса алады. Өңірлік резервке іріктеуге Қа­зақстан Республикасының Пре­зиденті тағайындаған адамдар, саяси қызметшілер, “А” корпу­сының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері, бұған …

ЖАСТАРҒА ЖАҢА МҮМКІНДІК Read More »

ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН ҚҰТЫЛМАЙДЫ

Қазақстан Республикасының Конституция­сын­да бекітілген жазаның бұлтартпас қағида­сына сәй­кес, қылмыс жасаған адам жазаға тарты­лады неме­се қылмыстық заңда көзделген өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары қол­данылады. Қыл­мыстық іске қатысы бар жандар­дың қылмыстық жауапкершіліктен жалтару­дың түрлі айла-шар­ғы­ла­рын ойластырып, тіпті басқа мемлекет аумақта­рын паналауға үміт­те­ніп, елден жырақ кетуге тырысатынын тәжірибе көрсетіп отыр. Алайда басын қанша жерден ала қашса да, …

ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН ҚҰТЫЛМАЙДЫ Read More »

Апатты үйлер үлесін азайту қажет

Облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында өңірдегі тұр­ғын үй бағдарламасын жүзеге асы­ру және бөлшек салық мөл­шер­лемесін төмендету жайы талқыланды. Бірінші мәселе бойынша баян­­дама жасаған облыстық энер­­гетика және тұрғын үй комму­налдық шаруашылығы бас­қар­­ма­сының басшысы Жанат Сә­дуақасов өңірдегі тұрғын үй ре­формасын жаңғыртудағы атқа­ры­лып жатқан жұмыстар туралы айтты. Басқарма басшысының сө­зінше, осы күні өңірде 1897 көп­пәтерлі үй болса, соның …

Апатты үйлер үлесін азайту қажет Read More »

ЖУРНАЛИСТЕРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұ­хам­бетов облысымыздағы бұ­қа­­ралық ақпарат құралдары өкіл­дерімен және осы саланың ар­дагерлерімен кездесті. Кез­де­су­де Мемлекет басшысы ай­қында­ған міндеттер аясында өңі­рімізді дамытуға бағыттал­ған жоспар­лар мен атқарылып жатқан жо­балар туралы ай­тылды. Облыс әкімі Қызылжар өңірінің әлеу­меттік әлеуеті жо­ғары әрі бәсе­келестікке қабі­летті екенін атап өтті. Сондық­тан облыста инфра­құрылымды дамыту керек. Оның ішінде демалыс аймақтарындағы жол­дың сапасы – …

ЖУРНАЛИСТЕРМЕН ЖҮЗДЕСТІ Read More »

АУРУДАН АЙЫҚТЫРУДЫҢ ОРНЫНА АҚША САНАҒАН

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған “Еститін мем­лекет” тұжырымдамасы аясында Петропавлда және облыстың бар­лық ау­данында “Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні” өтті. Тұрғын­дар­дың мұң-мұқтажына құлақ асып, өтініштерін тыңдау, кейін тиісті шара қолдану үшін шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, қала басшылығы, жергілікті атқарушы, сот және құқық қорғау органдарының жетекшілері, қаржы инс­титуттары мен коммуналдық кәсіпорындардың өкілдері қатысты. Азаматтарды бірыңғай қа­былдау …

АУРУДАН АЙЫҚТЫРУДЫҢ ОРНЫНА АҚША САНАҒАН Read More »

Басты мақсат – қоғамдық тәртіпті нығайту

Айқындылық, ашықтық және тиімділік. Облыстық по­лиция департаментінде жұмыстың осы тұстарын нығай­туға көп жылдар бойы консультативтік-кеңесші органның мүшелері атсалысып келеді. Оның құрамына өңірдегі бел­гілі қоғам белсенділері, тәжірибелі басшылар мен журна­листер кіреді. Полиция департаменті жа­нындағы органның кезекті оты­ры­сында былтыр бірлесіп атқа­рылған жұмыстардың қорытын­дылары және алдағы жылға ар­налған жоспарлар туралы айтыл­ды. Сондай-ақ қоғам белсенділері полиция жұмысына қатыс­ты пікірлерімен …

Басты мақсат – қоғамдық тәртіпті нығайту Read More »

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ҚОРҒАУ – ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫН ҚОЛДАУ

Мемлекет басшысы еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттырып, қаржы көзін тарту­дың жаңа тетіктерін қарастыру жөнінде тиісті тапсырмалар беріп келеді. Әділ және бәсекелі эко­номика қалыптастыру үшін заңдылық сақталуы тиіс. Кейінгі жылдары бұл бағыттағы жұмыстар­дың құқықтық тұрғыдан қорғалуына ерекше мән берілуі – осының айғағы. Инвестициялық жоба­лар­ды қорғауда прокуратураның жаңа міндеттерін білу үшін облыс прокурорының бірінші орынбасары Әбу-Әли Саттармен әңгімелестік. …

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ҚОРҒАУ – ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫН ҚОЛДАУ Read More »

МІНДЕТТЕРІНЕ САЛҒЫРТ ҚАРАҒАН

“Amanat” партиясы аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысында көктемгі су тасқынына қарсы іс-шараларды талапқа сай ұйымдастыру, қысқы кезеңде білім беру нысандарын жылумен үздіксіз қамтамасыз ету, “Жол картасы” шеңберінде Булаево қаласында 3 қабатты 45 пәтерлі баспана салу мәселелері талқыланды. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Нұрсұлтан Елеусізов жағдайдың бақылауға алынғанын, су басу қаупі бар аймақтарда …

МІНДЕТТЕРІНЕ САЛҒЫРТ ҚАРАҒАН Read More »

Маңызы зор жоба

Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыс­тары бойынша “Қоғамдық келісім” коммуналдық мемле­кеттік мекемелері “Солтүстік Қазақстандағы этнос­аралық қатынастардың өңірлік ерекшеліктері” ғылыми жо­басын аяқтады. Бағдарламаның басты мақ­са­ты – ХХ–ХХІ ғасырлардағы Солтүстік Қазақстандағы этноде­мографиялық үдерістерді ке­шен­ді және жүйелі зерттеу, эт­носаралық қатынастар саласын­дағы мемлекеттік саясатты же­тілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу. Зерттеу барысында үш мың респондентке сауал қойылды. Жоба жетекшісі, “Myrzakh­metov University” …

Маңызы зор жоба Read More »

Саясаткер әйелдер клубы өзекті тақырыптарды талқылады

Саясаткер әйелдер клубының мүшелері бас қосып, жуырда Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған мәселелерді талқылады. Бүгінгі таңда аталған клубқа 60-қа жуық белсенді қыз-келіншек мүше. Олардың дені – депутаттар. Ал әр депутат – ол белгілі бір саланың тұтқасын ұстаған білікті маман. Яғни қоғамды толғандырып отырған мәселеге қанық, саясаттан хабары бар. – Біз өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы әйелдердің, үкіметтік емес …

Саясаткер әйелдер клубы өзекті тақырыптарды талқылады Read More »

ЕҢБЕК АДАМЫНА — ЕРЕКШЕ ҚАМҚОРЛЫҚ

Мемлекет басшысы әлеуметтік-экономикалық бастамаларға, оның ішінде азаматтардың әл-ауқатын сапалық жағынан жақсартып, инклюзивті арттыруға, еңбек адамының мүдделері мен құқықтарын қорғауға, яғни бәсекеге қабілетті адами капиталды, оның еңбекқорлық және кәсібилік қасиеттерін дамытуға әркез қолдау көрсетіп келеді. “Qazaqstan” ұлттық арнасына берген “Біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – Қазақстан” сұхбатын еске түсірейікші. Онда “бәріміз еңбекқорлықтың, біліктіліктің идеологиясын көтеруіміз …

ЕҢБЕК АДАМЫНА — ЕРЕКШЕ ҚАМҚОРЛЫҚ Read More »

“ДЕПУТАТ БОЛЫП ӘР САЛАНЫҢ ЖАНАШЫРЛАРЫ САЙЛАНУЫ ТИІС”

Не үшін депутат болдым? Алдымен депутат болу – мансап емес, зор жауапкер­шілік екенін түсіну керек. Мен үшін де­путаттық мандат – ең әуелі ха­лықтың сенімі, жауапкершілік жүгі. Жалпы халық қалаулысы атану үшін әділдік, іскерлік, адам­гершілік сынды қасиеттер бір арнада тоғысқаны жөн. Осы­ған дейін аудандық мәслихат­тың үшінші, бесінші, алтыншы ша­қырылымының депутаты бол­дым. Алтыншы шақырылымда мәслихаттың хатшысы қызметін …

“ДЕПУТАТ БОЛЫП ӘР САЛАНЫҢ ЖАНАШЫРЛАРЫ САЙЛАНУЫ ТИІС” Read More »

Талапты сақтамаса, жазаланады

Қазақстан әлеуметтік-экономикалық жағынан орнықты дамып келе жатқан, ұлтаралық жан­жал-шиеленісі жоқ ел болған­дық­тан, соңғы жылдары шетелдіктер тарапынан жұмыс іздеп, болмаса уақытша қоныс аудару үрдісінің арта түскені байқалады. Соған орай мемлекет тарапынан заң­сыз мигранттар ағынына тос­қауыл қою, алдын алу, реттеп оты­ру, сөйтіп елдегі ішкі тәртіпті нығайту мақсатында заң бұзушы­лықтарды болдырмаудың кешен­ді шаралары қарастырылған. Рес­публика аумағына заңсыз кіріп-шыққан …

Талапты сақтамаса, жазаланады Read More »

ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ – ИГІЛІКТІ МІНДЕТ

Облыстық әкімдіктің кезекті жиынында жуырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында жүк­телген міндеттерді жүзеге асыру жоспары, өткен жылы атқарылған жұмыс­тардың қорытындысы талқыланды. Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов Мемлекет басшысы еліміздің жалпы ішкі өнімі жыл сайын кемінде 6 пайызға өсу міндетін қойғанын, облыстың одан арғы дамыту перспективаларын белгі­леудің маңызына тоқталды. Алдымен облыс әкімінің орынбасары Қанат …

ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ – ИГІЛІКТІ МІНДЕТ Read More »