«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САҒЫНЫШ

Түн тағады Ай дейтұғын сырғасын,
Бейнем сенің тәтті ұйқыңды
ұрласын,
Жымиып ап жүр ме екенсің
жұлдыздай,
Сен кеткелі түн ғой менің сырласым.


Сағыныштың аңқып түнге иісі,
Күңгірт тартты, жылуы жоқ үй іші.
Мұз үстінде тайғанатты жанымды,
Өткен күн мен елесімнің сүйісі.

Қалам мынау –
Қасіретіме боялған,
Үмітімді сен бояған ояу маң …
Күлмесең де,
Тілдесең де аяусыз,
Сені сүйетінімді еш жоя алман.

Жұлдыз ІЛЕБАЕВА,
халықаралық “Шабыт” шығармашыл жастар фестивалінің дипломанты.

Тимирязев ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp