Облыстық әкімдікте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды іске асыру жөніндегі өңірлік штабтың отырысы өтті. Облыс әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереев қатысқан жиында міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізу жайы сөз болып, өңірлік штабтың хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.
“Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” коммерциялық емес акционерлік қоғамы облыстық филиалының директоры Лариса Гордеева тұрғындарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамту аясында атқарылған жұмыстарға тоқталып, аудандар мен Петропавл қаласы бойынша сақтандырылмаған тұрғындардың үлесіне талдау жүргізді. Соңғы нәтижеге сүйенсек, бүгінде облысымызда сақтандырылған азаматтардың орташа пайызы 82,8-ге жеткен. Ел бойынша бұл көрсеткіш 83,8 пайызға тең. Облыстық орташа көрсеткіштен жоғары нәтижеге Тайынша (26,7 пайыз), Ақжар (22,9 пайыз), Есіл (22,1пайыз) аудандары және №1, 2 қалалық емханалар мен “Денсаулық” КЕЖМ қол жеткізіп отыр. Тимирязев және Шал ақын аудандарында сақтандыру ісі белсенді жүргізіліп, 84,1 пайызды құрап отыр.
Сонымен қатар отырыс барысында жұмыс берушілердің жалдамалы қызметкерлер үшін сақтандыру төлемдерін уақтылы және толық аударуы бойынша мәселелері қаралды. Жауапты тұлғаларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін бақылауды қамтамасыз ету, қызметтерді ақылы негізде ұсынуға жол бермеу және азаматтардың шағымдары мен өтініштерін уақтылы қарау бойынша тапсырмалар берілді.
Қарлығаш ІЛИЯСОВА,
“Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕАҚ облыстық филиалының баспасөз хатшысы.