Өткен аптада Жұмысшы кентінде 4 бірдей өрт оқиғасы орын алды. Осыған орай Петропавл қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының қызметкерлері тұрғындарға өрт кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру мақсатында рейд жүргізді.
– Тұрғындардың дені өрт қауіпсіздігі ережесіне немқұрайды қарайды. Соның салдарынан қаладағы жеке меншік үйлерде тұрғындардың газдан уланып ауруханаларға түсуі, қаза болу фактілері де орын алуда. Мәселен, жыл басынан бері Петропавлда 182 өрт оқиғасы тіркелді. Тілсіз жаудан 5 адам қаза тауып, 11 тұрғынды күйік шалды. Қызыл жалыннан келген метериалдық шығын 66 миллион теңгеден асады, – дейді қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың бас инженері Ербол Мұханбеталин.