«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САҢЫРАУҚҰЛАҚТАН УЛАНДЫ

Петропавлда саңырауқұлақ жеген жігіт улану белгілерімен көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына түсті.

Емдеу мекемесінің мәліметінше, 21 жастағы ер адамның іші ауырып, ісініп, дене қызуы көтерілген, қалтырап, әлсіздікке шағымданған. Сөзіне қарағанда, ол кешке саңырауқұлақ қосылған тамақ жеген. Таңертең өзін нашар сезініп, емханаға барып, көмек сұраған. Дәрігерлер саңырауқұлақтан уланған деп күдіктеніп, оны бірден ауруханаға жатқызды.

Терапия бөлімшесінде жігіт бес күн емделді. Уақытында көрсетілген көмектің арқасында қазір сырқаттың жай-күйі жақсы. Емдеу курсынан өткен ол үйіне жіберілді. Дәрігерлер «зиянсыз» саңырауқұлақтар да дұрыс пісірілмесе қауіпті болуы мүмкін екенін еске салады. Ұзақ уақыт тұрып қалса, тұтынбаған жөн. Сондай-ақ мамандардың айтуынша, улану белгілері бірден пайда болмауы мүмкін. Әдетте іш ауырып, жүрек айнып, құсады. Дене қызуы көтеріліп, қалтырайды және әлі құрып, бас айналуы мүмкін. Мұндайда өздігінен емделу қауіпті.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp