«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЕГІЗ МЕКТЕП ЖАБЫЛАДЫ

 Биыл облыстағы 35 білім беру нысанына күрделі жөндеу жүргізілуде. Олардың қатарында 2 балабақша, 26 мектеп және бірнеше колледж бен қосымша білім беру ұйымы бар. 59 нысанда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 Облыстық білім басқармасының мәліметі бойынша, биыл нысандарды жөндеуге 4,2 млрд. теңге бөлінген. Қазіргі таңда барлық жөндеу жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. Бұл орайда он бір оқу ордасы (Ақжар, Аққайың, Есіл, Мағжан Жұмабаев, Қызылжар, Ғабит Мүсірепов атындағы, Тайынша, Тимирязев, Уәлиханов аудандарындағы білім беру ұйымдары мен Петропавл қаласындағы №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешені) қайта жаңғыртылуда.

Жалпы өңірдегі білім беру ұйымдарының 59 пайызы жөндеуді қажет етеді. Оған ша­мамен 12 миллиард теңге қажет.

Жаңа оқу жылында облыста екі мектеп оқушыларға есігін айқара ашпақ. Соның бірі – Петропавл қаласының «Береке» шағынауданында салынып жатқан «Жайлы мектеп», екіншісі – Есіл ауданының Еңбек ауылында құрылысы жүріп жатқан жеке бас­тауыш білім ошағы.

 Өкінішке қарай, биыл об­лыстағы 8 бастауыш және негізгі мектептің есігіне қара құлып са­лынбақ. Айыртаудағы Целин­ное, Аққайыңдағы Қанжығалы, Шал ақын ауданындағы Жаңа­талап, Астаған және Еңбек, Та­йыншадағы Любимовка және Агроном, Краснокиевка ауыл­дарындағы білім беру ұйымда­рын жабу туралы ұйғарым шық­қан. Бұл білім ордаларында бала саны аз.

«Жабылған мектептердегі оқушылардың білім алу құқы­ғын сақтау үшін тиісті шаралар жүзеге асырылуда. Оқушыларды күн сайын және апта бойы тасы­малдау, интернатқа орналасты­ру жоспарланып отыр. Жаңа оқу жылына дейін кейбір мектеп­терде бала саны бес және одан аз болса, оқу ордасын жабу туралы шешім қайта қаралады», – дейді облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы Әсел Ораз­баева.

Биыл өңірде 6379 бала бірінші сыныпқа баруы тиіс. Бүгінде ата-аналардан 5408 өтініш түскен. Соның тек 1656-сы қазақ сыныбына баруға ниетті.

Ақмарал ҚҰРМАНАЙҚЫЗЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp