«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сегіз науқастың жағдайы ауыр

Өңірлік коммуникациялар қызметі өткізген баспасөз конференциясында коронавирустық инфекция бойынша облыстағы жағдай туралы баяндалды.

Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Аймановтың айтуынша, бүгінгі күні емдеу мекемелерінде «COVID-19» вирусын жұқтырғандар үшін 1165 төсек орын әзірленген. Қазіргі таңда олардың 514-де КВИ мен пневмонияға шалдыққандар ем алуда.
«Демалыс күндері аурудың бұл түрімен сырқаттанатындардың қатары 54 пайыздан асып түседі. Жан сақтау бөліміне жеткізілген 21 адам ауыр халде болса, 8-і өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған. Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. «СК-Фармация» ЖШС-імен келісім жасалған. КВИ бойынша қандай да бір дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі байқалса, біз онлайн режімде тапсырыс беру мүмкіндігіне иеміз. Оны тез арада жеткізу мәселесінде де еш кедергі болуы тиіс емес. Өйткені облысымызда бірыңғай ақпараттық жүйе құрылып отыр», – деді Нұрлан Бақдәулетұлы.
Өңірде1051 тұрғын амбулаториялық ем қабылдауда. Ауру белгілері байқалған пациенттерге 98 жедел бригада қызмет көрсетуде. «Жедел жәрдемге» жүктеме аз. Тәулігіне 400-дей шақырту түссе, соның 70 шақтысы КВИ мен пневмония бойынша тіркелуде.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp