“Діни мәселелерді зерттеу орталығы қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігінің маманы, экстремизмге қарсы “KAZAKHstan for peace” жастар қозғалысының спикері Әзиза Жұмағалиева мен облыстық конфессияаралық қатынастарды дамыту және талдау орталығының бөлім басшысы Думан Еспенбетов қоғамдық қабылдау өткізіп, өңір тұрғындарының діни мәселелерге қатысты сұрақтарына жауап берді.
Үстіміздегі жылдың сәуір айынан бастап зерттеу орталығы қауымдастығына 140 өтініш келіп түскен. Қазақстандықтардың сұрақтары, негізінен, діни әдебиетті қайдан алу керектігі және жалған діни бірлестіктер мен секталардан сақтану жолдарына қатысты болды. Ал қауымдастықта кез келген адам психиатрдың, психологтің, заңгердің, теологтың, тағы басқа мамандардың көмегіне жүгіне алады.