«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТУДЕ

Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Жастар сарайында өңір журналистері үшін “Рухани жаңғыру” бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында білікті кадрларды даярлау” тақырыбында үшкүндік семинар-тренинг өтуде.

Онда халықаралық дәрежедегі бизнес кеңесшілер мен қоғам қайраткерлері, белгілі журналистер баяндама жасап, өз тәжірибелерімен бөлісетін болады. Спикерлер жергілікті БАҚ өкілдерінің мемлекеттік бағдарламаларды ақпараттық қолдау аясындағы білімдерін толықтырып, қоғамдық пікір қалыптастырудың жаңа технологияларымен және әдістерімен таныстырады. Тілшілер қауымы дағдарыс жағдайында әрекет етудің қыр-сырына қанығып, “Әлеуметтік-мәдени құндылықтарды жобалау” тақырыбын зерттейді.

Қазақстан Орталық коммуникациялар қызметінің бұл жобасы еліміздің барлық аумағын қамтып отыр. Оның тыңдаушысы болған және белсенділік танытқан журналистер семинар соңында сертификатқа ие болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp