«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЕМСЕРЛЕСУШІЛЕР СЕНІМДІ АҚТАДЫ

Алматы қаласында семсерлесуден ерлер арасында Қазақстан Республикасының кубогы өтті. Бұл жарыста еліміздің түкпір-түкпірінен үміттерін үкілеп келген қыруар спортшы бақ пен бап таластырды. 

Осы жарыста облысымыздың намысын бес семсерлесуші қорғаған болатын. Біріншілік барысында жерлестеріміз сайыстың рапира бағдарламасы бойынша күш сынасты.

Ел кубогының қорытындысы бойынша Денис Анацко жекелей сынның нәтижесінде айтарлықтай нәтижеге қол жеткізіп, қола медальді еншіледі. Ал командалық бәсекеде Бахрам Мамурзаев, Андрей Алтенко, Денис Анацко мен Павел Гладков өздерінің жақсы даярлықтары және шеберліктерін паш етіп, бірінші орынға сай деп танылды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен және дипломдармен марапатталды.
Оңтүстік астанамызда өткен додада бапкерлердің сенімін, үмітін ақтап, жүлделі орындарға ие болған спортшыларымыз облыс орталығындағы “Жеңіс” олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіндегі семсерлесу бөлімшесінде білікті, тәжірибесі мол бапкер Виктор Анацко мен жас жаттықтырушы Виталий Гладковтың қарамағында жаттығады. Олардың айтуынша, тәрбиеленушілері болашағынан зор үміт күттіретін жастар болып табылады. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp