«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЕНБІ САЙЫН – ЖӘРМЕҢКЕ

Апта сайын сенбі күндері Петропавл қаласында ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі өтеді. Онда азық-түлік өнімдері нарықтағыдан төмен бағамен сатылады.

Өткен сенбі күні облыс орталығының 4 базарында осындай сауда ұйымдастырылды. Солардың біреуі – “Солтүстік” базары. Аталмыш нысанда Қызылжар мен Мамлют аудандарының және тұрақтандыру қорының тауарлары саудаға шығарылды.

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов сауда орындарын аралап, бірінші кезекте өнімдердің бағасы мен сапасына, сатушыларға жасалып отырған жағдайға назар аударды.

– Тұтынушыларға ұсынылатын өнімдердің сапасына бақылау жасап, бағасына назар аудару керек,– деді Ерік Хамзаұлы.

“Солтүстік” ӘКК” ҰК” АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Алмас Хасеновтың айтуына қарағанда, сатушылар сауда орындары үшін жалгерлік төлемақы төлеуден босатылған.

“Солтүстік” базарында ауылдық тауар өндірушілері үшін барлығы 25 сауда орны жабдықталыпты. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер бұл күні қалалықтарға еттің бір килограмын – 940, бір литр сүтті 110 теңгеден сатты. Он дана жұмыртқа – 175, бір килограмм ұн – 80, бір килограмм күріш – 175, бір килограмм бал 1000 теңгеден саудаланды. Жәрмеңкеге бұл күні сомасы 6,5 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері шығарылды.

Осындай ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі “Дария”, “Қызылжар”, “Алтын Адал” базарларында да өтті.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp