«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЕНІМІМІЗДІ ЕСЕЛЕДІ

Мен Светлопольск ауылдық округінде орналасқан №344 сайлау учаскесінде қоғамдық бақылаушы миссиясын атқара жүріп, халықтың таяуда өткен Президент сайлауына деген ерекше ынта-ықыласы мен жоғары жауапкершілігіне куә болдым. Тізімдегі сайлаушылардың 99 пайызы өз таңдауларын жасады. Президент ант беру салтанатында: “Мәңгілік Ел” ұлттық идеясы мен “Қазақстан – 2050” Стратегиясына, “Нұрлы Жол” бағдарламасы мен “Бес халықтық реформаға” елімнің білдірген қолдауы. Мен үшін ел сенімінен асқан мәртебе жоқ, сол сенімді ақтаудан артық бақыт жоқ. Сол себепті, мен Қазақстанның жарқын болашағы жолында тәуекелге де дайынмын”, – деп ағынан жарылған кезде біздің таңдауымыздың дұрыс болғанына, келешекке жоспарланған бағыт-бағдарларымыздың мүлтіксіз орындалатынына сеніміміз нығая түсті.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ съезінде делегаттар назарын бес халықтық реформаға аударуы тектен-тек емес. Өйткені, бүкілхалықтық мега-жобаларды іске асыру арқылы ғана біртұтас ұлттық мәселелерді шешуге, тыныштық пен татулықтың қазақстандық моделін қалыптастыруға болады. Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің салмақты да көреген идеяларымен ұлықтау кезінде де бөлісіп, Қазақстанды ең қуатты елдердің қатарына қосу жөнінде батыл ұстанымымен халқының сенімін еселеді. Қазақстандықтарға төрткүл дүниеде дағдарыстар мен жан-жалдардың жаңа ұшқындары өршіп отырғанын жеткізе келіп, 5 сыртқы сын-қатерлердің қауіп төндіріп отырғанын ескертті. Оған қарсы тұрарлық, еңсеретін, тың белестерге ұмтылдыратын бес ауқымды міндеттерді ұсынды.

Светлана АВГУСТИНСКАЯ,

“Совхозная” орта мектебінің директоры.

Қызылжар ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp