«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЕНІМ БИІГІНЕН КӨРІНУ — ПАРЫЗ

Елбасы “100 нақты қадам” Ұлт жоспарында кәсіби мемлекеттік аппарат құруды жүктеді. Осыған орай елімізде мемлекеттік қызметке қабылдау рәсімдері жаңғырып, жаңа әдеп ережелері қабылданды. Жергілікті жағдайға көшсек, облыс әкімі аппаратында Әдеп мәселелері жөніндегі уәкілетті өкіл лауазымы енгізіліп, бұл міндет биылғы жылдың 27 қаңтарынан бастап мемлекеттік-құқықтық бөлімнің меңгерушісіне жүктелді.

Мемлекеттік қызметшіге қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім артылған, сондықтан олардың моральдық әдебіне жоғары талаптар қойылады. Ал Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаларының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауына мониторинг жүргізуді және бақылауды жүзеге асыру да осы лауазым иесіне жүктелген. Мемлекеттік қызметшілердің арасында еліміздің мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаларын және Әдеп кодексін бұзу жағдайлары орын алса, онда құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен себептер мен шарттарды талдайды және мемлекеттік органның басшылығына оларды жою туралы ұсынымдар енгізеді. Егер мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылса, онда оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шаралар қабылдау қажет.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаларын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілер арасында түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп отыру да уәкілетті өкілдің құзырына енеді. Сонымен қатар, қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне мониторинг жүргізу мақсатында кемінде жарты жылда бір рет уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша анонимді сауалнама жүргізу жоспарланған.

Мемлекеттік қызметшілер және тұрғындар өз мәселелері бойынша айдың әр бейсенбі күндері сағат 15-те, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58-үй, 422-кабинет мекенжайына қабылдауға келе алады. Қажет болса, жеке және заңды тұлғалар сауалдарын 8(7152) 34-02-11, 8-701-524-22-89, 8-777-324-83-25 байланыс телефондарына хабарласып қоя алады немесе UNaumochkin@sko.kz электронды поштаға жолдауға болады.

Юрий НАУМОЧКИН,

Солтүстік Қазақстан облысы әкімі

аппаратының Әдеп мәселелері жөніндегі уәкілетті өкілі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp