Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясаты мемлекетіміздің өндіріс орындарының жаңаша жұмыс істеуіне серпін беріп отырғаны сөзсіз.
“Сүт өнімдері” ЖШС осыдан үш жыл бұрын ауқымды жаңарту жұмыстарын жүргізіп, жаңа технология және құрал-жабдықтармен жұмыс істеудің мүмкіндігіне ие болды. Осы мақсатты жүзеге асыру жолында “Бизнестің жол картасы – 2020” мемлекеттік бағдарламасы аясында 3,5 миллиард теңгенің демеуқаржысын алып, пайдасын көрудеміз. Бүгінде кәсіпорын күніне 50 тоннаға дейін сүт өнімдерін шығарып, майлылығы әртүрлі сүттің жиырма бестен астам түрін жаңа технология бойынша өндіреді. Кәсіпорнымыз өз тауарларын тек Қазақстан нарығына ғана емес, Ресей аумағына да шығаруда. Елбасы ұсынған бес институттық реформа бағдарламасында индустрияландыру экономиканың құралы ғана емес, сонымен қатар мемлекет дамуының және орта тапты қалыптастырудың маңызды факторы екендігі атап көрсетілген. Біз зайырлы мемлекет болғандықтан, әр аттаған қадамымыз сенімділік пен біліктілікке негізделуі керек. Ендеше ел экономикасына елеулі үлес қосып отырған зауытымыздың алар асулары әлі алда деп білемін.
Роза СҮЛЕЙМЕНОВА,
“Сүт өнімдері” ЖШС-нің директоры.