«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“СЕНІҢ КҮНІҢ, ДОНОР!”

Петропавлда жыл сайын өткізілетін “Сенің күнің, донор!” қайырымдылық жобасы жалғасын табуда. Облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің басшылығы науқас балаларды құтқару мақсатында Халықаралық балалар күніне орай “Hot Blood Challenge” эстафетасын қолға алды.

Биылғы акцияға департамент басшысы Шыңғыс Қабдула бастаған 90-ға жуық қызметкер бір адамдай қатысуда.  

– Біз іс-шара барысында 50 литр шамасында қан жинауды мақсат етіп қойдық. Бастамамызды қала тұрғындары қолдаса, маңызды мақсатқа қол жеткізіп қана қоймай, бұл межеден едәуір асуымыз да мүмкін. Барша қызылжарлықтарды осы акциядан қалыс қалмай, белсенділік танытуға шақырамыз, – дейді Шыңғыс Қайыпұлы.

Айта кетейік, бұл – ел көлемінде қолға алынып отырған шара. Орталық мамандарының айтуынша, 14 маусым – Бүкілдүниежүзілік донор күніне орай өз еркімен қан тапсыру акциясы өткізілмек. Кез келген адам қан орталығына келіп, онкологиялық ауруға шалдыққан балалардың өмірін құтқарып қалуға өз үлесін қоса алады.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp