«Қызылжар» футбол клубын бұдан былай сербиялық тәжірибелі маман Милич Чурчич баптайды. Бұл туралы клубтың әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды.
Милич Чурчич «Тобыл» футбол клубын 2023 жылдың қаңтарынан 2024 жылдың маусымына дейін баптады. Оның жетекшілігімен команда 2023 жылы Қазақстан кубогын және 2024 жылы суперкубокты жеңіп алды. Сондай-ақ Чурчич «Атырау», «Пролетар» (Сербия), «Зоб Ахан» (Иран), сондай-ақ Беларусь чемпионы атанған «Шахтер» (Солигорск) сияқты түрлі клубтарда ассистент және бас жаттықтырушы болып жұмыс істеді.
Жаттықтырушылар құрамына Сербияның жасөспірімдер мен ұлттық құрамаларымен жұмыс істеген Иван Евич және тәжірибелі жаттықтырушы Евгений Кресик кірді.
Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,
«Soltüstık Qazaqstan».