«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЕРГЕЕВКА СУ ҚОЙМАСЫНДА СУ ЕРНЕУІНЕН АСЫП ТӨГІЛІП ЖАТЫР

Солтүстік Қазақстан облысы аумағындағы шағын өзендерде мұз еріп, Есіл өзенінде су деңгейі көтеріліп келе жатыр. Бұл жайында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінен мәлім етті.

«Шағын өзендерде мұз кептелісі және су деңгейінің көтерілуі байқалады. Осыған орай 6-7 сәуірде Айыртау аудана қарасты Гусаковка елді мекені тұсында Бабықбұрлық өзенінде, Ғ.Мүсірепов атындағы аудандағы Рузаевка елді мекеніне жақын маңда Ақанбұрлық және Жембармақ өзендерінде мұзды жару жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта 3 су қоймасын мониторингілеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Сергеевка су қоймасы 122,64 пайызға лық толып, су 127 сантиметрге ернеуінен асып төгілуде. Су қоймасы бар Петропавл су торабы 95,76 пайызға, Шағалалы су қоймасы 77,5 пайызға толған», – деп атап өтеді комитеттен. Ведомство мәліметінше, су тасқыны қаупі бар аудандарда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің күші мен құралдары жіберілген. Атап айтқанда, Уәлиханов, Тимирязев, Айыртау және Ғ.Мүсірепов атындағы аудандарға 63 маман, 19 техника, 8 су сорғыш және 5 жүзу құралы көмекке барған.


https://www.inform.kz 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp