«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЕРІКТЕСТІК БАСШЫСЫ АЛҒЫС АРНАДЫ

Осыдан бірер күн бұрын болған үлкен өрттен кейін төтенше жағдайлар жөніндегі департаментке қарасты “Өрт сөндіру қызметі және апаттан құтқару жұмыстары” мемлекеттік мекемесіне “SҮS-ЕХРО” ЖШС-нің директоры Вероника Сажаевадан алғыс хат келіп түсті.

Аталған күні ЖШС-нің өңір орталығындағы Я.Гашек қысқа көшесі, 1-үйде орналасқан қоймасы өртеніп жатқаны туралы хабар жетісімен, облыс орталығының мамандандырылған отрядының, “Өрт сөндіруші” бөлімшесінің және Оңтүстік Орал темір жолы Петропавл станциясының жауынгерлері қызыл жалынды құрықтаған болатын.

Сөз реті келіп тұрғанда айта кетейік, жыл басынан бері облысымызда 614 өрт болып, соның салдарынан 107 миллион теңгеден аса шығынға жол берілді. Өрт үстінде 37 адам, соның ішінде 5 бала қаза болды. Өртсөндірушілер 19 адамды құтқарып, 89 тұрғынды қауіпсіз жерге көшірді.

Аман ӘУЕСХАНОВ,

төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті “Өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары” ММ-нің баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp