«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЕРІКТЕСТІК ШАРАПАТЫ

Өңірдегі елді мекендердің  дамуы мемлекеттік қолдауға ғана емес, жергілікті жердегі кәсіпкерлерге де байланысты. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Бірлік ауылы “ES GLOBAL AGRO” серіктестігінің шарапатын көріп келеді.

– Көшелерге асфальт төседік. Тәртіпті сақтау үшін арнайы жол белгілерін орнаттық. Қыста қардан тазалау, қоқысты шығару да – біздің мойнымызда. Ауылда қабілетті, жігерлі жастар көп. Алайда олар көбі жұмыс іздеп, қалаға кетіп жатыр. Жақында тұрғын үйлердің құрылысын бастаймыз, – дейді серіктестік директоры  Матвей Скорняков. Ауылдағы 300 балаға шақталған мектепте 100-ден астам оқушы білім алады. Соңғы жылдары серіктестік білім ошағын да қамқорлығына алған.

– Екі  жыл бұрын мектепте күрделі жөндеу жүргізілді. Серіктестік асхананы барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етті. Ескі қоршаулар ауыстырылды. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандус орнатып берді. Оқушыларды өзге аудан орталығы мен қаладағы олимпиадаларға апарар кезде көлікпен қамтамасыз етеді, – дейді Бірлік орта мектебінің кәсіподақ төрағасы Тамара Шульба.

Серіктестіктің көмегімен ауылда бұқаралық спорт та дамып келеді. Шыныққан жастар аудан, облыс деңгейіндегі додаларға қатысып жүр.

Аснурия АБДУЛА.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp