«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«СК-Фармацияның» экс-басшысы қамауға алынды

«СК-Фармация» ЖШС басқармасының бұрынғы төрағасы ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «СК-Фармация» ЖШС басқармасының бұрынғы төрағасы Төтенше жағдайлар кезінде медициналық бұйымдарды сатып алу барысында өкілеттігін теріс пайдану фактісі бойынша ұсталып, қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің уақытша қамау изоляторына қамалды», дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің өкілі.
Хабарланғандай, осы жылдың 14 тамызынан бастап күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады. Өзге ақпарат әзірге жарияланбайды.


 https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp